2023 жылдың 15-16 ақпан күндері Атырау облыстық тері-венерологиялық диспансеріне 2 күндік іс-сапарымен «Астана медицина университеті» КеАҚ , дерматовенерология Жане дерматокосметология кафедрасынын профессорлары өздерінің құнды білімдерімен бөлісіп, семинар өткізді. Атап айтар болсақ:

1) Г.Р. Батпенова – «МУА» КеАҚ дерматовенерология және дерматокосметология кафедрасының меңгерушісі, м. ғ. д. профессор;

2) Т.В. Котлярова – «МУА» КеАҚ дерматовенерология және дерматокосметология кафедрасының оқу-әдістемелік бөлімінің меңгерушісі, м.ғ.д. профессор;

3) З.С. Джетписбаева – «МУА» КеАҚ дерматовенерология және дерматокосметология кафедрасының доценті, трихология курсының меңгерушісі, профессор

2023 жылдың 15 ақпан күні мекемемізде ашық есік күні жарияланған болатын. Ол күні профессорлар науқастарды өздері қабылдап, дертінің себептерін анықтай отыра қандай жағдайда дертінің асқынуы, яки, жазылуы мүмкін екендігі талқыланды. Барлығы 45 науқас қабылданып, әртүрлі тері аурулары, шаш түсуінің себептері және т.б. жарақаттарының туындау себебі мен емдеу жолы, сондай-ақ, күтінуі турасында науқастарға пайдалы кеңестер берілді.

2023 жылдың 16 ақпан күні облыс дерматовенерологтары арасында «Созылмалы дерматоздарды емдеудегі өзекті мәселелер» тақырыбында клиникалық-тәжірибелік семинар ұйымдастырылып, оған облыс бойынша 14 дерматовенеролог қатысты. Профессорлар әріптестерімен медицинадағы өтімді тәжірибелерімен және өздерінің құнды білімдерімен бөлісе келе, соңында әрбір қатысушыға қуаныш сыйлап, құнды ақпараттар мен ілімге толы семинарға қатысқандығын растайтын сертификаттарын табыс етті.

Бағалы еңбектің білімі мен нәтижиесіне қанық болған әріптестер семинардан өте жақсы әсер алды. Бағдарлама өте мазмұнды және қарқынды болды.
Тынымсыз еңбек жолындағы өзінің бар тәжірибесімен және білімімен бүкпесіз, ашық бөліскен профессорларымызға, және де осы 2 күндік іс-сапарды, керемет бағдарламаны ұйымдастырғаны үшін Президент ОИП и ЮЛ "Казахстанская Ассоциация дерматовенерологов, дерматокосметологов", Заслуженный деятель РК, «МУА» КеАҚ дерматовенерология және дерматокосметология кафедрасының меңгерушісі, м.ғ. д., профессор Батпенова Гулнара Рыскельдиевнаға шын жүректен алғысымызды білдіреміз!