2023жылдың 22-23маусым күндері Орал қаласында "Дерматовенерологтардың, дерматокосметологтардың және лепрологтардың 20 өңірі" атты XIII ғылыми-білім беру өңірлік форумы өтті. Форумды С. Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің дерматовенерология кафедрасымен және дерматовенерологтар, дерматокосметологтар және лепрологтар қоғамымен бірлесіп Қазақ Дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығы ұйымдастырды.
Форум Дүниежүзілік витилиго күні шеңберінде белгілі отандық мамандарының және сала ғалымдарының, сондай-ақ жас дәрігерлердің қатысуымен өтті. Форумның жұмысына еліміздің барлық өңірлерінен барлығы 120 делегат қатысты. Іс-шара дәстүрлі түрде 2015 жылдан бастап ұйымдастырылып келеді және қазірдің өзінде танымал ғылыми-практикалық байланыс алаңына айналды. Атырау облыстық тері-венерологиялық диспансерінен Мира Оразқызының жетекшілігімен делегация қатысып қайтты.