Ғимараттардың ішкі және сырты әрлеу жұмыстарымен қатар есік, терезелері ауысып, жылу жүйесі толығымен жаңартылды. Сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі жандардың жүріп-тұруына ыңғайлы жағдай жасалынды..
Л.Владимирский көшесі 104 мекенжайына Атырау облыстық тері-венерологиялық диспансері 1999 жылы көшіріліп, 2002 жылы күрделі жөндеуден өткізілген болатын. Жиырма екі жылдан кейін, дәлірек 2023 жылдың шілде және 2024 жылдың ақпан айы аралығында қайта күрделі жөндеу жүргізілген нысан бүгін халық игілігіне беріліп отыр.
Тері-венерологиялық диспансері шатырынан бастап, пандусына дейін толық күрделі жөндеуден өтті. Жалпы диспансер 42 төсек орынды қамтыса, оның алтауы күндізгі ем алушыларға арналған. Сонымен қатар, физиокабинет ашып жатырмыз. Мұнда тұзды ванна және физиотерапияға арналған ультракүлгін кабина алынып, ем алушыларға мүмкіндік жасалуда. Денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен алдағы уақытта жаңа құрылғылар мен медициналық көліктер алу жоспарлануда.
Сондай-ақ ол, диспансерге емханадан жолдама алмай, 28-41-62, 28-00-62 ,8-778-263-38-01 байланыс телефондары арқылы дәрігерлердің қабылдауына жазылуға болатынын атап өтеміз