2022 жылдың 9-10 қыркүйек күндері, Балалар жылы аясында, Атырау облыстық тері-венерологиялық диспансері мен "Медицина және эстетика орталығы" мамандарының бірлесуімен Құрманғазы ауданы халқына дерматовенерологиялық консультативтік кеңес өткізілді. Мамандар аудан тұрғындарына амбулаториялық қабылдау жүргізіліп, тері ауруларын диагностикалау және емдеуде практикалық көмек көрсетті. Жасөспірімдер мен жастар үшін күрделі проблемаға айналған безеу ауруын емдеу тәжірибесімен бөлісті. Жасөспірімдер мен олардың ата-аналары теріге дұрыс күтім жасау, безеуді емдеу туралы кеңес алды. Барлығы 143 пациентке медициналық көмек көрсетілді.