Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов Жамбылұлының тапсырмасына сәйкес, бейінді мамандармен бірге шалғай ауданда орналасқан тұрғындарға медициналық көмек көрсетілді.
Іссапарға бейінді мамандармен (акушер-гинеколог, лор, дерматолог, невропатолог, гастроэнтеролог, аллерголог, педиатр дәрігер) бірге денсаулық сақтау басқармасының басшысы Абдалиев Қайсар Қайратұлы Үштаған, Асан, Сүйіндік (Батырбек, Егінқұдық, Жалғызапан) елді мекендеріне барды. Облыстық кожвен диспансерден дерматолог дәрігеріміз Тауасаров Айдос Өмірғалиұлы осы іс сапарда псориаз, алапес, экзема, нейродермит, аллергический дерматит, атопический дерматит диагноздарымен 50шақты науқасты қабылдап, кеңес беріп, ем шараларын берді. Қосымша қажетті анализ және өзге анықтамаларын тапсыруды ұсынды.