27 мамыр 2023ж күні Атырау қаласында «Қазақстан», конференц – залында «Бостон университетінің» клиникалық дерматологиялық медицина мектебінің және Тафтса медицина мектебінің профессоры- Нелли Конниковтың қатысуымен «Практический семинар по дерматохирургии. Стандарт дерматологической помощи в 2023 году» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық семинар өткізілді .
Семинарға аудандық, қалалық емханалар дәрігерлері, Қызылорда, Ақтау, Ақтөбе, Орал қалаларынан дерматолог дәрігерлер қатысты.
Ғылыми-практикалық семинар барысында:
• Сәттілікке жетудегі кішігірім хирургиялық араласулардың рөлі туралы
тәжірибесімен бөлісті.
• Семинарда дайындық және жан-жақты талқылауды қамтуды
ұйымдастыру процедуралары түсіндірілді.
• процедура кезінде күтпеген жағдайлардан, жанама әсерлерден қалай аулақ болу керектігін және олармен қалай күресу керектігі үйретілді.
• Биопсияның құралдарымен және әртүрлі әдістерімен таныстырылды,
гемостаз және тігіс салу үйретілді. Құралдар мен тігіс материалы берілді. Барлық оқыту SimSkin үлгілерiнде жүргізілді. Клиникалық жағдайлар талданды.
28.05.2023 ж сағ:10.00-12.00 Стационарлық науқастармен кездесу өткізілді.
Сонымен қатар стационарда емделіп жатқан науқастар тексеріліп, кеңес берілді. Семинар соңында әр түрлі сұрақтарға жауап беріліп,қатысушыларға халықаралық деңгейдегі сертификат табысталды. Семинар соңында профессор Конников Атырау облыстық тері венерологиялық диспансеріне құнды кітап сыйлады.