Атырау облысында жұқпалы тері және педикулез ауруларының алдын-алу іс-шараларын жүргізу бойынша бірлескен бұйрық негізінде 2024 жылдың 14-15 мамыр күндері №18 мектеп базасында аталған тақырыпта Атырау облыстық тері-венерологиялық диспансері және СЭБ басқармасы бірлесуімен семинар ұйымдастырылды. Семинарға қалалық емхана эпидемиолог мамандары мен мектеп, балабақша мейірбикелері шақырылды. Семинарда тері-венерологиялық диспансерінің дерматовенеролог дәрігері Әбен Әйгерім Тілеуқызы «Жұқпалы тері аурулары, қышыма» тақырыптарына лекция оқып терінің жұқпалы аурулары, қышыма ауруының негізгі белгілері мен жұғу жолдары туралы мағлұмат берді. СЭБ басқармасы мамандары жұқпалы аурулардың қала бойынша эпидемиологиялық жағдайы мен статистикалық көрсеткіштерін баяндады. Семинар соңында қатысушыларға брошюралар, жұқпалы тері ауруларына күдік туындаған жағдайда медицина қызметкерінің әрекет ету алгоритмі парақшалары таратылды.